Қазақстанда доллар бағамы күн санап нығайып барады. Қазіргі таңда ақша айырбастау пунктеріндегі валюта бағамы 475 – 481 теңге аралығында саудалануда, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Экономист мамандар доллардың қымбаттауы мұнымен тоқтамайды деп отыр. Жыл соңына дейін тағы нығая түспек.
Экономист Мақсат Халық соңғы күндері валюта бағамының құбылуына екі фактор әсер етіп отырғанын түсіндірді. Сөзіне сүйенсек, доллардың бірден қымбаттауына алдымен федералды резервтер жүйесіндегі пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі әсер етсе, екіншіден геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы түрткі болуда.
Өткен айда АҚШ-тың федералды резервтер жүйесі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін қатты көтерді. Жыл соңына дейін тағы 4-5 мәрте өсіреді деген нақты болжам бар. Бұл деген сөз — алдағы уақытта доллар өз құнын арттыра береді дегенді білдіреді,— дейді экономист.