Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Мақташылар біздегі шикізаттың көп пайдасы шетке кетіп жатқанына алаңдаулы

"Өзіміз де мақтаны қайта өңдейтін текстиль фабрикаларын қолға алу керек. 1 келі мақтадан шығатын дайын киім біздің шикізатымыздан 10 есе қымбат", - дейді шаруа қожалығының жетекшісі.

Мақташылар біздегі шикізаттың көп пайдасы шетке кетіп жатқанына алаңдаулы
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында мақта алқабы азайды. Бұл егістікті әртараптандыру мақсатында жасалып отыр. Мәселен, биылғы жылы өңірдегі "ақ алтынның" көлемі 5 мың гектарға қысқартылған. Оның орнына шаруалар көкөніс пен астық егуді мықтап қолға алды, деғп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мақта еліміз бойынша тек Түркістан облысында ғана өсіріледі. Қазір күзгі жиын-терім аяқталуға жақын. Бүгінге дейін диқандар 300 мың тонна "ақ алтынды" қамбаға құйып үлгерген. Бұл биылға жоспарланған жалпы өнімнің 90 пайызын құрайды. Өнімділік те артқан. Мысалы, Түркістан қаласының маңындағы шаруа қожалығы биыл әр гектардан 35 центнерден шитті мақта жинауда. Онда тәжірибеге басымдық беріледі.

"Өзіміз тұқым шаруашылығы болып тіркеліп, шаруаларға тұқым жеткізіп береміз. Биыл "Түркістан" сортынан 430 тоннаны 8 мың гектар жерге жеткізіп бердік. Бұл сорттың артықшылығы – оның мақтасының талшығы 4 сортқа жатады. Пісіп-жетілуі – 120 күн. Бұл сортты еккендер 40-45 центнерден өнім алып жатыр. Өзіміз де мақтаны қайта өңдейтін текстиль фабрикаларын қолға алу керек. 1 келі мақтадан шығатын дайын киім біздің шикізатымыздан 10 есе қымбат. Біздегілер шикізат күйінде сатып, пайдасының бәрі шетке кетіп жатыр", - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Хабибулла Азимов.

Биыл өңірде "ақ алтынның" 1 келісі 160 теңгеге бағаланды. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 30 теңгеге жоғары. Қазір диқандар мақтаны өңірдегі мақта өңдейтін зауыттарға өткізіп жатыр.

"Бір жылдың ішінде 5400 гектар жер мақта дақылы қысқарды. Оның тиімділігі – мақта бағасының көтерілуіне оң ықпал етті. Осы жерде мақта шаруашылығымен 15 мың агроқұрылым айналысса, ол жерде 125 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Облыс халқының әулеуметтік-экономикалық дамуына септігі тиетін болады. Биыл шаруаларға 76 мың тонна жанар-жағармай берілді. Нарықтағыдан 16 теңгеге арзан бағамен. 73 мың тонна минералды тыңайтқыштың 50 пайызы субцидияланады", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов.