Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

БҰҰ әлемді көмір жағудан бас тартуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерін климаттың өзгеруіне назар аударып, оның салдарымен күресті күшейту қажеттілігін және көмір электр станцияларын қаржыландыруды мейлінше азайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды «Хабар24».

БҰҰ әлемді көмір жағудан бас тартуға шақырды
Baq.kz

Ұйым басшысы мұндай үндеуді Жапонияның ұйымдастырумен өткен «үлкен жиырмалықтың» Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жасады. Гутерриш көмір қоршаған ортаға үлкен зиян тигізіп жатқанын айтып, экологиялық таза қуат көздерін дамытуға күш салу керектігін жеткізді.

БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, әлемде ауаға көмірқышқыл газын шығару ормандар мен мұхиттардан бөлінетін көміртек көлемінен аспауы керек.

Әлемнің жетекші инвесторлары көмір сынды дәстүрлі табиғи отыннан бас тартпай келеді. Өйткені бұл арзан. Бірақ Жапониядағы бизнес қауымдастықтары үкіметтен климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдауды сұрады. Себебі олар көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларға қаржы құю экономикалық тұрғыдан тиімділігін жоғалтатынын түсінеді. Инвестиция тұрғысынан да көмірмен өндірілетін энергияның пайдалы екені жөнінде ешқандай дәлел жоқ, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.