Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Қазақстанда пәтер сатып алу белсенділігі жоғары аймақтар анықталды

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 41,9%-ға кеміді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда пәтер сатып алу белсенділігі жоғары аймақтар анықталды
Сурет: Halyq-uni.kz

«2022 жылғы мамырда баспананы сату-сатып алу бойынша 30 500 мәміле тіркелді. Сәуірмен (52 520) салыстырғанда көрсеткіш 41,9%-ға азайды. Сатып алу белсенділігі Алматы қаласы мен Қарағанды облысында жоғары, сәйкесінше 4 395 әрі 4 055 шарт. Мәміле саны ең аз болған өңір - Солтүстік Қазақстан облысы (630). Қазақстандықтар көппәтерлі үйлердегі баспананы көбірек алады, мамырда барлығы - 21 078 мәміле болды. Көппәтерлі үйлерде екі бөлмелі пәтерлер жоғары сұранысқа ие. Мамырда 8 мың екі бөлмелі пәтер рәсімделсе, бір бөлмелі одан 1 мыңға аз. Жеке үйлер бойынша 9 422 мәміле рәсімделді. Жеке үйлерді Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары көбірек алған», – дейді бюро.

2022 жылғы мамырда баспананы сату-сатып алу мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 36,9%-ға кеміген. Баспана нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы мамырмен салыстырғандағы ең көп төмендеуі Маңғыстау облысында тіркелді – минус 64,6%.