Ұлттық статистика бюросы 2022 жылғы мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі инфляция деңгейі мен бағалар өзгерісі туралы деректер жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.
«Өңірлер арасындағы ең жоғары жылдық инфляция Түркістан облысында тіркелді – 15,4%», – дейді бюро.
Ведомство мәліметінше, азық-түлік бағасы бойынша ең жоғары қымбаттау Маңғыстау облысында (21%) тіркелген. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар Нұр-Сұлтанда – 14,3%. Ал ақылы қызметтер Шығыс Қазақстан облысында (11,4%) қымбаттаған.