Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Қазақстандағы гүл айналымы 44,2 млн долларды құрайды

Гүлдердің сауда-саттығы 44,2 млн долларды құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандағы гүл айналымы 44,2 млн долларды құрайды
Сурет: ашық дереккөз

 

Сауда және интеграция министрлігі елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 2021 жылы 44,2 млн долларды құрады деп хабарлайды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 34,3%-ға жоғары (32,9 млн доллар), – дейді СИМ.

Өз кезегінде, Қазақстанның гүл экспорты 2021 жылы 18,6%-ға төмендеп, 2,4 млн долларды құрады.

«Еліміз гүлдердің келесі түрлерін экспорттайды: раушан - 1,6 млн доллар (үлесі 66,5%), қалампыр – 293,8 мың доллар (12,1%), басқа да кесілген гүлдер мен бүршіктер – 257,7 мың доллар (10,6%), хризантемалар – 210,8 мың доллар (8,7%), лалагүлдер – 24,1 мың доллар (1,0%), гүл шоқтары немесе сәндік мақсаттар үшін кесілген гүлдер мен бүршіктер – 14,1 мың доллар (0,6%), орхидеялар – 8,9 мың доллар (0,4%), ранункулус – 4,2 мың доллар (0,2%)», – делінген ақпаратта.

Өз кезегінде, 2021 жылы Қазақстанға гүл импорты 39,6%-ға өсіп, 41,8 млн долларды құрады.

«Еліміз раушандарды импорттайды - 28,4 млн доллар (үлесі 68,0%), өзге де кесілген гүлдер мен бүршіктер – 5,0 млн доллар (12,0%), хризантема – 4,8 млн доллар (11,4%), лалагүлдер – 1,4 млн доллар (3,3%), қалампыр – 1,1 млн доллар (2,7%), сіңірілген немесе басқа тәсілдермен өңделген гүлдер мен бүршіктер – 819,7 мың доллар (2,0%), орхидеялар – 158,4 мың доллар (0,4%), ранункулус – 65,8 мың доллар (0,2%)», – дейді ведомство.