Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тегін азық-түлік карталары: «КСРО-ға оралу» әлде заманауи шешім?

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Аманжан Жамалов елдегі инфляция деңгейінің тым жоғары екенін, сондықтан халықты қымбатшылықтан құтқару үшін бірнеше шара қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kzHalyq Uni -не сілтеме жасап.

Тегін азық-түлік карталары: «КСРО-ға оралу» әлде заманауи шешім?
Фото: Inform.kz

Оның айтуынша, ресми статистикада былтырғы инфляция – 8,4%. Ал нақты инфляция әлдеқайда жоғары. Қазақстан қымбаттайтын азық-түлік өнімдерінің импортына әлі де тәуелді бола бермек. Өйткені азық-түлік импорты 3 млрд доллардан асады. Демек, сонша көлемде инфляция келеді деген сөз. Сондықтан депутат халықты баға өсімінен қорғау үшін үш түрлі шара ұсынды. 

  • Бірінші. Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді инфляциядан жоғары деңгейге индекстеу қажет. Ол үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерін өсіру қажет. Бұл әлеуметтік осал санаттар үшін негізгі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қымбаттауын өтеуге мүмкіндік береді. Яғни, базалық зейнетақылар, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға арналған жәрдемақылар, мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге арналған жәрдемақылар мөлшері, атаулы көмектің көлемі ұлғаяды. Бұл шара 3 миллион қазақстандыққа қатысты. Ең төмен күнкөріс деңгейін 20%-ға, яғни 43 221 теңгеге дейін көтеру үшін шамамен 600 млрд теңге қажет. 
  • Екінші. Тарифтерді әлеуметтік төлемдерді индекстеу деңгейінен жоғары көтеруге тыйым салу енгізілу керек. Сонымен қатар, монополистердің халықтың әлеуметтік осал санаттарына жалпы тарифтен төмен сараланған тариф белгілеуі міндеттелу керек.
  • Үшінші. Әлемде азық-түлік тауарларының бағасы екі таңбалы санмен өсуде. Өткен жылы қырыққабат 35%-ға, күнбағыс майы – 30%-ға, сәбіз – 26%-ға, тауық еті – 19%-ға, картоп – 19%-ға қымбаттады. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Мұндай бағаның өсуіне ешқандай индекстеу мен жалақыны көтеру тосқауыл бола алмайды.

Мұндайда алдымен табысы төмен отбасыларға қиын болады. Статистикаға сәйкес, табысы әрбір мүшесіне шаққанда 25 мың теңгеден төмен отбасылар аз қамтылған отбасыларға жатады. Халықтың мұндай санаты үшін экономика тұрақтанғанға дейін уақытша қазақстандық азық-түлік өнімдерін сатып алуға болатын тегін азық-түлік карталарын енгізуді қарастыру қажет. Оларды енгізуді цифрлық әлеуметтік әмиянды енгізумен байланыстыруға болады, – дейді Жамалов.

Оның пікірінше, көп адам азық-түлік карталарына сын көзбен қарайды, оны «КСРО-ға оралу» дейді. Бірақ ондай карталар көп елде, оның ішінде АҚШ-та маңызды әлеуметтік қолдау құралы саналады. Ресейде де халықтың кедей топтары үшін азық-түлік талондарын енгізу пысықталып жатыр.