Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанға қарағанда Әзербайжанда пәтер жалдау арзанырақ

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Әзербайжанда тұрғын үйді жалға алу арзанырақ, деп хабарлайды Paryz.kz, Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанға қарағанда Әзербайжанда пәтер жалдау арзанырақ
Сурет: kapitoliy.net.ua

Қала орталығындағы тұрғын үйді жалға алу бойынша Қазақстан 107 елдің арасында 82-орында тұр. Дереккөз: EnergyProm.kz.

Бір жатын бөлмесі бар тұрғын үйді бір айға жалға алу құны Қазақстанда 303,85 долларды (131 948 теңге) құрады

Ең қымбат пәтер Гонконг, Сингапур және БАӘ-да тіркелген. Ең арзан пәтер – Непалда.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда Әзербайжанда тұрғын үйді жалға алу арзанырақ, ол жерде 266,3 долларға (115 642 теңге) жалға алуға болады.

Ресейде пәтер жалдау құны – 412,51 доллар (179 135 теңге), Арменияда – 396,74 доллар (172 287 теңге), Украинада – 366,11 доллар (158 985 теңге), Өзбекстанда – 322,27 доллар (139 947 теңге), Беларусьте – 306, 17 доллар (132 956 теңге).

2021 жылы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алу бір жылда бірден 17,5%-ке артты. Осылайша, 1 шаршы метр үшін 1,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Елдің ірі қалаларында, әсіресе Алматыда бірден 40,6%-ға қымбаттады. Үштіктің ішінде Орал мен Шымкент қаласы да бар. Оралда пәтерді жалға алу 32,5%-ке, Шымкентте 31,3%-ке қымбаттаған.

Бір жылда баға ең аз өскен қала – Тараз. Мұнда бағаның өсімі 5,5%-ті көрсетті.

Шаршы метрі үшін ең қымбат баға елордада тіркелді: шаршы метріне 3,7 мың теңге. Үштікке Алматы (3,3 мың теңге) мен Ақтау (2,4 мың теңге) қаласы да кіреді. Ең арзан баға Тараз қаласында болды – шаршы метріне 1,4 мың теңге.