Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Әлеуметтік төлемдер артты: кім қанша ала алады?

347 мыңнан астам азаматқа МӘСҚ-тан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты, деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік төлемдер артты: кім қанша ала алады?
Сурет: Turkystan.kz

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін үш әлеуметтік төлемнің мөлшері ұлғайтылды.


ҚР Үкіметінің 17.11.2021 ж. №820 қаулысына сәйкес, сатып алу қабілетін сақтау мақсатында ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (75 130 алушы) және асыраушысынан айырылған жағдайда (52 096 алушы) МӘСҚ-тан төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға артты.
Бұл төлемдер ұзақ мерзімді болып саналады, өйткені олар бірнеше жыл бойы төленуі мүмкін: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда – адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірмейінше не зейнеткерлік жасқа жеткенше; асыраушысынан айырылған жағдайда – балаларға кәмелетке толғанға дейін және күндізгі оқу нысанының студенттеріне 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.


Айта кету керек, жоғарыда аталған төлемдерді алушылар бюджет қаражаты есебінен осындай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды да алады.


Сондай-ақ, осы жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері арттырылды. Бұл шара 220 462 алушыға әсер етті.


Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған әлеуметтік төлемнің мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды. Бұл ретте бұл әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес туылған баланың кезектілігіне қарай белгіленген ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Жоғарыда көрсетілген барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру МӘСҚ активтері есебінен жүзеге асырылды. Осылайша, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын алуда жұмыс істейтін халықтың мүдделері қорғалды.