Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БЖЗҚ-дағы 71 млрд теңгені Әзербайжан банкіне салып жібердік - қаржыгер (ВИДЕО)

"Алайда бұл банк банкротқа ұшырады. Сонда салымшылардың ақшалары қайда кетті?!"

БЖЗҚ-дағы 71 млрд теңгені Әзербайжан банкіне салып жібердік - қаржыгер (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Филология ғылымдарының кандидаты, экономист-қаржыгер Нұртаза Қадырниязов "Майдан" You Tube арнасына берген сұхбатында осылай деді. Бұл туралы Paryz.kz жазды. 

Әзербайжанның халықаралық банкінің акциясын сатып алу үшін біз зейнетақы қорының 71 млрд теңге ақшасын салып жібергенбіз. Бұл дегеніміз - 250 млн доллар. Алайда бұл банк банкротқа ұшырады. Сонда салымшылардың ақшалары қайда кетті?! - дейді қаржыгер.

Дегенмен ол Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің арқасында, сонымен бірге мемлекеттеріміздің жақсы қарым-қатынасының арқасында ол ақша қайтарылатынын айтты.

Оның өзінде президент Алиев араласып, өздеріне тиесілі мемлекеттік қаражаттан беретін болды. Акциядан пайда көреміз деп салып едік, олар пайызсыз қайтарамыз дейді. Шамамен 5-6 не 10 жылға дейін кесте құрып береді де, бірден емес, бірте-бірте қайтарады. Міне, БЖЗҚ-дағы ақша дұрыс акцияларға салынбай, жоғалып кетті. Бұл бізге белгілісі ғана. Ал айтпай отырғандары қаншама. Ал БЖЗҚ-дағы аұшаны халыққа беру туралы иде қайдан шықты?  Халық "біздің зейнетақы қорындағы ақша қайда" деп сұрай бастады, - дейді ол.