Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Биыл "Талдықорған – Өскемен" автожолы пайдалануға беріледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына барып, ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Биыл "Талдықорған – Өскемен" автожолы пайдалануға беріледі
сурет primeminister.kz сайтынан

Үкімет басшысы Асқар Мамин "Өскемен – Талдықорған" автожолының құрылысы жобасының іске асырылуын тексерді, оның жалпы ұзындығы бойынша (768 км) осы жылдың соңына дейін қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар "Қалбатау – Майқапшағай" тас жолы реконструкцияланып жатыр, онда жыл соңына қарай автожолдың барлық 415 шақырымында қозғалыс ашылады.

Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым болатын "Өскемен – Талдықорған" автожолының шығыс учаскесін реконструкциялау жұмыстары, ұзындығы 180 шақырым болатын "Үшарал – Достық" автожолын салу жобасы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының жолдары бойынша құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз ету мен оны биыл пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.