Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шаруалар ет экспортына салынған тыйымға қатысты наразылық білдірді

Ірілі-ұсақты шаруашылықтар экспортқа салынған тыйым салдарынан жабылып қалуы мүмкін. Пайда тек арадағы делдалдарға түседі дейді олар. 

Шаруалар ет экспортына салынған тыйымға қатысты наразылық білдірді
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық шаруалар ірі қараны экспорт жасауға салынған тыйымға қарсы шықты. Шенділер бұл арқылы ет бағасының өсімімен күреспекші. Еттен бөлек жазда құны шарықтап кеткен картоп және сәбіз экспортына да тыйым салынған. Бірақ шаруалардың ойынша, мұндай тыйымдардан ештеңе өзгермейді деп хабарлайды Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Шаруашылық иелері үлкен шығынға ұшырап, баға төмендемейді. Ал пайданы делдалдар көреді.

Базарда ет бағасы күннен-күнге өсуде. Осыған байланысты еттен бас тартқан азаматтардың саны көбейген.

Кеше ғана осы жерде болдым. Сиыр етін 2,5 мың теңге, сүйекпен 2 200 теңгеге сатып жатқан. Қазір 100 теңгеге қымбаттапты, - дейді Ербол Нұрболов. 

Шаруалардың айтуынша, сиыр бағасы қашан да қымбат, себебі күтімі көп шығынды қажет етеді. Қазір жаздағы құрғақшылық пен жем-шөптың қымбаттауы жағдайды одан әрі қиындатқан. 

Сонымен қатар жанармай бағасы айтарлықтай өскен. Компаниялар тобының басшысы Айдар Нығметов әзірге жағдайды бақылауға болатынын айтады. Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің экспортқа тыйым салуы жығылғанға жұдырық болды дейді. 

Егер мұндай тыйым салынатынын ертерек білгенде, 5-6 жыл бұрын мұнымен айналысу-айналыспау жайлы ойланатын едім. Енгізілген тыйымдар кері тартып, дамуға мүмкіндік бермейді, - деп мәлімдеді Айдар Нығметов. 

Еліміздегі ірі мал бордақылау орынында 3 мың бас ірі қара өсіріледі. Министрлік енгізген тыйым өнеркәсіпке қатты әсер етпейді, өйткені ет өнімдерінің басым бөлігі ішкі нарыққа жіберіледі. Дегенмен бұл барлық шығынды өтей алмайды. Сондықтан ірілі-ұсақты шаруашылықтар экспортқа салынған тыйым салдарынан жабылып қалуы мүмкін. Пайда тек арадағы делдалдарға түседі дейді олар. 

Баға түспеуі мүмкін. Нарықта делдалдар бар. Олар барлығын өздеріне алып кетеді. Шаруашылықта, ет комбинатында, бордақылау орындарында баға арзандағанымен, базарда өзгеріссіз қалады, - деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жубатыров. 

Ауыл шаруашылығында баға өсіміне экспортты себепкер деп санайды. Жазда картоп пен сәбізді толығымен экспортқа шығарғандықтан, делдалдар импортталған тауарды үш есе қымбат бағаға сатқан. Сиыр етімен де дәл солай дейді. 

10 айда ірі қара экспортын 5,5% өсіріп, 161 мың басқа жеткіздік. Дегенмен ел ішіндегі өндіріс 50% қысқарды. Өткен жылы дәл осындай жағдай баға көтерілуіне әкеп соғатынын көрдік, - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев. 

Картоп және сәбіз, ірі қара экспортына салынған тыйым 15 желтоқсаннан бастап енгізілмек. Ұйымдар түрлі нұсқа ұсынғанымен, үкімет ең қарапайым шешім қабылдады.