Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы тағы да өседі

Қазақстанда 1,2 миллион мемлекеттік қызметкер бар.

Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы тағы да өседі
фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы мұғалімдер, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын көтеріледі. Үкімет мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспары туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда 1,2 миллион мемлекеттік қызметкер бар. 2023 жылға дейін жалақыны жыл сайын арттыру жоспарлануда, бұл 651 мың адамды – мұғалімдерді, дәрігерлерді, әлеуметтік қызметкерлердің жекелеген санаттарын қамтиды.

Мұғалімдердің еңбекақысы жыл сайын 25%-ға өседі, ал 2023 жылға екі есеге өсіп, 375 мың теңгеге дейін жетеді.

Дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30 пайызға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе өсіп, 561 мың теңгеге дейін жетеді.

Сондай-ақ фельдшерлердің жалақысын жыл сайын 20%-ға дейін арттырады деп күтілуде. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есеге өсіп, еңбекақылары 229 мың теңгеге жетеді.