Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

COVID-19: елімізде індетке қарсы күреске тағы 500 миллиард теңге бөлінетін болды

Қауіпті індетпен күреске бөлінген ақшаны Қаржы министрлігі ресми түрде мамыр айында айтқан-ды. Шенеуніктер сол кезде 6 триллион теңге бөлінгенін мәлімдеген.

COVID-19: елімізде індетке қарсы күреске тағы 500 миллиард теңге бөлінетін болды
фото: google.kz

Covid-19-бен күреске қосымша тағы 500 миллиард теңге бөлінбек. Ақша негізінен экономиканы қолдауға, медицина мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыйақысына, тегін медициналық көмекке жұмсалады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бүгін Үкімет 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылады.

"Коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жұмыстарға қосымша 238,7 млрд теңге бөлінді. Карантин іс-шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд теңгеге қосымша ақы төлеу, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйақы төлеуге 11,7 млрд теңге көзделген", - дейді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Ал тегін медициналық көмек аясында кеселдің таралуына жол бермеуге көрсетілетін ем-дом шарасына қазынадан 83 миллиард 2 миллион теңге бөлінеді. Қаржы министрлігі экономиканы қолдауға 260 миллиард теңгеден астам сома жұмсамақ. Жаңа есеппен мемлекеттік шығын 205 млрд теңгеге ұлғайса, кіріс 185 млрд теңгеге азаяды екен.

Қауіпті індетпен күреске бөлінген ақшаны Қаржы министрлігі ресми түрде мамыр айында айтқан-ды. Шенеуніктер сол кезде 6 триллион теңге бөлінгенін мәлімдеген. Жалпы, биылғы бюджетті атқарушы билік осымен екінші рет қарап жатыр. Жөнделген құжатты министрлер кабинеті Парламентке бүгін таныстыруы тиіс болған.