Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстанда КВИ-мен ауырған 148 науқастың жағдайы ауыр

79 науқастың ӨЖЖ аппаратында жатқаны белгілі болды.

Қазақстанда КВИ-мен ауырған 148 науқастың жағдайы ауыр
Дереккөз: pro-palliativ.ru

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, ел бойынша 7-сәуірде 28 624 адам коронавирус инфекциясынан (27 672 КВИ+ және 952 КВИ-) емделуде, деп жазады Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше олардың ішінде 10 477 пациент стационарда, 18 147 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сол сияқты КВИ-ге шалдыққандар және вирус белгілері бар науқастардың арасында 474 адамның жағдайы ауыр, 148 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Сондай-ақ 79 науқастың ӨЖЖ аппаратында жатқаны белгілі болды.