Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Сәуірдің 5 күні ішінде тәулігіне 2 мыңға жуық науқастан тіркелді" - Цой

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының "қызыл" аймақта тұрғанына 28 күн болды...

"Сәуірдің 5 күні ішінде тәулігіне 2 мыңға жуық науқастан тіркелді" - Цой
фото: ашық дереккөз

Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Қазақстанның 7 өңірі кірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"6 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта 7 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе жне Ақмола облыстары", – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Үкімет отырысында.

Айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының "қызыл" аймақта тұрғанына 28 күн болды. Батыс Қазақстан – 20 күн, Атырау облысы – соңғы екі апта бойы, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы аптада кірсе, Ақмола облысының тұрғанына бір күн болды. "Сары" аймақта екі өңір – Шымкент және Қарағанды облысы орналасқан. Қалғандары – "жасыл" аймақта.

Цой ақпан айымен салыстырғанда, наурызда аурудың таралуы 30 пайызға өскенін атап өтті. Сәуірдің 5 күні ішінде тәулігіне вирус жұқтырған 2 мыңға жуық адам тіркелген.

Министр індеттің өршуі коронавирустың жаңа штаммдарының таралуымен байланысты екенін айтты. Сондықтан ол өңір әкімдері ауруханаларды төсек-орындармен және алғашқы медициналық көмектің мобильді бригадаларымен қамтамасыз етуі қажет екенін ескертті.