Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Түркістан облысының тұрғыны құдалыққа 400 адам шақырып, ұлан-асыр той жасаған

Дәл осындай жағдайлар Отырар ауданында да тіркелген

Түркістан облысының тұрғыны құдалыққа 400 адам шақырып, ұлан-асыр той жасаған
Дереккөз: zakon.kz

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылында құдалыққа 400 адам шақырған тұрғын ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Учаскелік испекторлар мониторингтік топтармен бірлесе отырып карантин режимін сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 "Мақтаарал ауданы Атакент ауылындағы тойханада полицейлер құдалыққа 400 адам келген жиынды әшкереледі. Дәл осындай жағдайлар Отырар ауданында да тіркелген", - дейді полиция өкілдері.

Қазіргі таңда аталған деректерге қатысты материалдар СЭС-ке жолданған. Тиісінше құзырлы мекеме шешім қабылдайды деп күтілуде.