Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

COVID-19: Бекшин "Алматы штамына" қатысты мәлімдеме жасады

"Бұл былтырғы штамм емес екеніне көз жеткіздік. Жаңа штамм келген. Біз бұның "британ" және "оңтүстікафрика" штамы екенін анықтадық", - дейді ол.

COVID-19: Бекшин "Алматы штамына" қатысты мәлімдеме жасады
фото: ашық дереккөз

Бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "қалада "Алматы штамы" бар ма?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлады paryz.kz.

"Бізде "Алматы штамы" туралы ресми мәлімет жоқ. Бірақ ауру белгілері мен эпидемиологияға қарап, бұл былтырғы штамм емес екеніне көз жеткіздік. Жаңа штамм келген. Біз бұның "британ" және "оңтүстікафрика" штамы екенін анықтадық", - деді ол онлайн брифингте.

Алайда қаланың бас санитар дәрігері қанша адамның қай штамды жұқтырғанын айту қиын екенін жеткізді. Ал бүгін ҚазТАГ-қа сұхбат берген халықаралық вакционология орталығының жетекшісі Қайсар Табынов "Алматы штамы" атты вирус мутациясы шыққанын мәлімдеген болатын.

"Ғалымдар "британдық" штамм бүгінде жақсы зерттелген мутацияға 100 пайыз сәйкес екенін анықтады. Бірақ "оңтүстікафрикалық" штамм мутацияға ұшырады. Ең қызығы, Қазақстанда жүрген ухань штамы мутацияға ұшыраған. Бұл мутагенді әзірге шартты түрде "Алматы штамы" деп атадық", - деді Қайсар Табынов.

Еске сала кетсек, Қазақ аграрлы университетінің жанындағы халықаралық вакционология орталығы "британ" және "оңтүстікафрика" штамын анықтау үшін 18-25 наурыз аралығында зерттеу жүргізген. Алайда Қайсар Табынов "Алматы штамы" бойынша қосымша зерттеу жүргізіп, оған анық көз жеткізу үшін кемі әр аймақтан 10 сынама алып, зерттеу керектігін жеткізді.