Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

COVID-19: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына баруға болмайды

"Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55 пайызын құрады", - деді Қиясов.

COVID-19: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына баруға болмайды
фото: ашық дереккөз

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасады. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады, деп жазды paryz.kz.

"Құрметті қазақстандықтар! Соңғы күндері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны өздеріңізге белгілі. Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55 пайызын құрады", - деді Қиясов.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және тағы басқа) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты.

Осыған орай, бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің көпшілікке берген кеңесі мынадай:

- Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;

- халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;

- қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;

- жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;

- әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;

- шетелге барудан бас тарту.