Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Оның нәтижесінде британиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штаммдарға сәйкес келетін мутацияланған вирус анықталды. 

Алматыда коронавирустың жаңа штамы анықталды
Дереккөз: caa-network.org

Алматыда COVID-19-бен сырқаттанған науқастардың арасынан вирустың жаңа мутацияланған түрі табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

"2021 жылдың 17 наурызында Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының референс-зертханасында Алматы қаласының науқастарында КВИ бойынша оң нәтиже көрсеткен зертханалық үлгілер зерттелді. Оның нәтижесінде британиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық штаммдарға сәйкес келетін мутацияланған вирус анықталды", - деп хабарлады министр, өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол мутацияланған вирусқа қатысты нақты мәлімет бір айдаң кейін, оны толығымен зерттеп біткен соң белгілі болатынын атап өткен.