Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

COVID-19: Әлемде ең алғашқы ел вирусқа қарсы вакциянацияны аяқтады

Мұнда бүгінде 34 мыңнан астам ел азаматы тұрады. Сонымен бірге елді тұрақтаған шетел азаматтары да тұрғындарды жаппай вакцинациялау бағдарламасына қатыса алады.

COVID-19: Әлемде ең алғашқы ел вирусқа қарсы вакциянацияны аяқтады
фото: AP Photo/Bernat Armangue

Әлемде COVID-19 вирусына қарсы халықты жаппай вакцинациялауды аяқтаған мемлекет белгілі болды. Lenta.ru-дың мәліметінше, мұндай "атақты" Гибралтар мемлекеті иемденіп отырған көрінеді, деп хабарлады paryz.kz.

Жарияланған дерекке сәйкес, жалпы Еуропада коронавирусқа қарсы екпе еккен елдердің арасында Ұлыбритания көш бастап тұрған көрінеді. Ал Гибралтар мемлекетінің ел тұрғындарына жаппай вакцина салуды аяқтағаны жөніндегі мәліметті Англияның Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок мәлімдеген.

"Біз еліміздің басқа да аймақтары сияқты Гибралтарды да қажетті вакцинамен қамтамасыз етіп отырмыз. Мен өз кезегімде ел Үкіметіне Гибралтар вакцинаны қажет ететін ел тұрғындарының барлығына вакцина салынуды аяқтағанын қуанышпен айтқым келеді", - деді ол.

Айта кетейік, Гибралтар – Ұлыбританияның Испаниямен шектесетін, теңіздің арғы бетіндегі ел аумағы. Мұнда бүгінде 34 мыңнан астам ел азаматы тұрады. Сонымен бірге елді тұрақтаған шетел азаматтары да тұрғындарды жаппай вакцинациялау бағдарламасына қатыса алады.

Сондай-ақ, тұманды Альбион елінде бүгінде қаңтардың басынан бастап 25 миллионнан астам адамға вакцина салынған.