Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Елімізде вакцина сәуірден бастап 65 жастан асқандарға да салынбақ

"Вакцина аймақтарға келгендіктен, оны алатын топтардың тізімі кеңейтіледі", - деді Ерлан Қиясов.

Елімізде вакцина сәуірден бастап 65 жастан асқандарға да салынбақ
фото: ашық дереккөз

Сәуір айында 65-тен асқан адамдарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

"Сәуір айынан бастап біз 65 жастан асқан адамдарға, яғни қауіп тобына вакцина егуді бастаймыз. Вакцина аймақтарға келгендіктен, оны алатын топтардың тізімі кеңейтіледі", - деді Ерлан Қиясов, ОКҚ-да өткен брифингте. 

Оның айтуынша, дәрігерлер мен мұғалімдер арасында 65 жастан асқан қызметкерлерге вакцина егіліп үлгерген.

"Айта кету керек, біз дәрігерлер мен мұғалімдерге вакцинация жасаған бірінші кезеңде 70-тен асқан адамдар едәуір көп болды. Бұл - әлі күнге дейін медициналық ұйымдарда қызмет етіп жүрген қызметкерлер. 60 жастан асқан адамдардың саны едәуір көп болды. Қазіргі уақытта барлығы жақсы жұмыс істейді. Вакцинацияны олар қабылдайтынын ескере отырып, біз вакцина қолжетімді болған кезде сәуір айында вакцинацияланатын топтардың кеңеюі басталады деп үміттенеміз. Наурыз айының соңында біз 150 мың доза аламыз деп күтеміз", - деді Қиясов.

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетіне қарсы вакцина алған азаматтар үшін арнайы куәлік әзірленген.