Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақмола облысында жүкті 2 әйел коронавирустан қайтыс болды

Өңірде 2020 жылы коронавирус жұқтырған 201 жүкті әйелге күнделікті мониторинг және босанғанға дейін олардың бағытын бақылау жүргізілуде.

Ақмола облысында жүкті 2 әйел коронавирустан қайтыс болды
фото: ufa.sm-news.ru

Осы жылдың 3 айында Ақмола облысында ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді. Бұл туралы брифингте өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Сыздықов айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Өкінішке орай, өңірде ана өлімі бар. Бүгінгі күні екі ана өлімі коронавируспен байланысты. Қазір ана өлімінің тағы бір жағдайы №2 МОБ-да тергелуде. Егер өткен жылы пандемияға қарамастан, бізде ана өлімінің 3 жағдайы ғана болса, биыл толық емес 3 айда 2 жағдай тіркелді. Бұған қоса тағы біреуі тексеріліп жатыр", - деді Сыздықов.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде 2020 жылы коронавирус жұқтырған 201 жүкті әйелге күнделікті мониторинг және босанғанға дейін олардың бағытын бақылау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жүкті әйелдер тіркелімінің деректері бойынша ауыр экстрагениталды аурулары және жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар 23 жүкті әйел есепте тұр. Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі 3,5 пайызды құрайды (14 731 жасөспірім қызға - 51 жағдай).

"Ана өлімінің негізгі себебі жаңа CОVID-19 белгісіз инфекциясымен, медициналық көмекті ұйымдастыру тарапынан кемшіліктермен байланысты: стационар деңгейіндегі жағдайды жете бағаламау, бастапқы кезеңде әлсіз ұйымдастырушылық, пандемияға байланысты медициналық көмекке қолжетімділіктің төмендеуі", - деп толықтырды басқарма басшысы.