Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Карантин: Алматы автобустарында адам көп (ВИДЕО)

Ал жолаушылардың басым көпшілігі маска тақпайды...

Карантин: Алматы автобустарында адам көп (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы тұрғындары қоғамдық көлік мәселесіне шағымданды. Олардың сөзінше, автобустар адамға лық толы, ал қоғамдық көліктердің саны аз. Жолаушылар автобус салонында не болып жатқанын көрсетті, деп хабарлады paryz.kz.

Автобустарда түсірілген роликтер Instagram-парақшаларда пайда болды. Видео авторларының бірі карантин жағдайында биліктің қоғамдық көлік жұмысын ретке келтіре алмай отырғанына шағымданған.

"Бекшин мырза, адамдардың ауру жұқтырмасы үшін автобустың көбірек әрі салонда адамдардың азырақ болуын қамтамасыз ете алмасаңыздар, карантин талаптарын сақтау туралы сөз қозғауға бола ма? Сіз әлі күнге дейін адамдарды кафелер мен тауда ауру жұқтырады деп санайсыз ба? Демалыс күндері транспортты шектеу - шешім емес", - дейді krisp.almаty парақшасында жарияланған роликтің авторы.

Сонымен бірге видеоның 16 наурыз күні, сағат 8.30-да 22-автобуста түсірілгені жазылған. Автор қоғамдық көліктердің санын көбейту керек деп есептейді. 

"Қызыл" аймақтан "қара" аймаққа өткенін күтіңіздер" деп жазды тағы бір роликтің авторы.

Ол да автобустардың жетіспеушілігіне шағымданған. kris.p.almaty.official парақшасында жарияланған видео 47-автобуста түсірілген. Автордың сөзінше, автобустар адамға лық толы, ал жолаушылардың басым көпшілігі маска тақпайды.

Айта кетсек, Алматыдағы қоғамдық көліктердің фотосы мен видеосы бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде жарияланып келеді.