Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Жандарбек Бекшин конституцияны бұзып отыр" - заңгер

"Егер Әділет министрлігі оны бақташы, ал біз қошқар боламыз деп ойласа, ол қателеседі! Біз бір қойшының қойлары емеспіз!" - деп баса айтты Омарова.

"Жандарбек Бекшин конституцияны бұзып отыр" - заңгер
фото: ашық дереккөз

Белгілі заңгер Айман Омарова Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің адвокаттардың митингісіне кедергі келтіріп, сол арқылы заң мен Конституцияны бұзып отырғанына сенімді, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Ертең әдеттегі митинг өтеді. Біз рұқсат алдық. Ешқандай елде рұқсат алу рәсімі жоқ. Бірақ бізде заң бар болғандықтан, рұқсат алдық. Бұл бейбіт жиналыстар бостандығына қатысты. Әрі қарай не болатынын білмеймін. Мен митингке жеке өзім барамын. Қорқатындар үйде отыра берсін", - деді ол.

Оның айтуынша, Бекшин Конституция мен митингтер туралы заңды бұзды. Егер елде төтенше жағдай болса, онда Бекшин неге қарарды 13-інде күшіне енгізді? Ол 12-сі не 11-і демеген. Бұл - таңғаларлық. Ол жай митингке жол бергісі келмейді. Егер қалада төтенше жағдай болса, балалар мектепке бармауы керек қой. Ешкім далаға шықпауы керек.

"Біз осының бәрінен шаршадық. Біз митингке барғымыз келгендіктен шығайын деп жатқан жоқпыз. Егер мен бірдеңе бұзсам, мені ұстасын, түрмеге қамасын. Мен заңды бұзбаймын, өйткені халықаралық стандарттар бар", - деді Омарова.

Қабылданған заңдар адвокаттардың қалыпты жұмысына кедергі келтіреді деген пікірде ол.

"Бізді бір-біріне қайшы келетін және адам құқығын бұзатын заңдар шығаратын мемлекеттік органдар, әділет органдары мен депутаттар мазалайды. Себебі олар заңдар шығарып жатыр және олар бұл заңның не туралы екенін білмейді. Олар бізге қарсы заң шығарады, ісімізге қол сұғады, біздің қызметімізге араласады. Егер Әділет министрлігі оны бақташы, ал біз қошқар боламыз деп ойласа, ол қателеседі! Біз бір қойшының қойлары емеспіз!" - деп баса айтты Омарова.

Бұдан бұрын 12 наурызда Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (Ж. Бекшин) қолданыстағы қаулысына сәйкес адамдардың жаппай жиналуы бар іс-шаралар, оның ішінде митингтер өткізуге тыйым салынатындығын айтқан.