Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Сәуір айында 20 мың адам коронавируспен ауырады" - ДСМ

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов алдағы уақытта Қазақстанда коронавирустың былтырғы жағдайы қайталануы мүмкін емес деп хабарлаған болатын.

"Сәуір айында 20 мың адам коронавируспен ауырады" - ДСМ
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов сәуір айында COVID-19 індетінің таралымына болжам жасады, деп хабарлады paryz.kz

"Ақпан мен наурыздың басындағы тенденцияларды ескере отырып, қысқа мерзімді, орта мерзімді есеппен сәуірде коронавирустық инфекцияны 13-тен 20 мыңға дейін науқас жұқтырады деп болжанды. Мен сәуір айы туралы айтып жатырмын. Тағы бір рет қайталаймын, деректерді әр екі апта сайын тұрақты түрде жаңартып отырамыз. Барлығы болжам ғана, модельдер оптимистік және шынайы болжамдарды ескере отырып жаңартылады", - деді Шоранов, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов алдағы уақытта Қазақстанда коронавирустың былтырғы жағдайы қайталануы мүмкін емес деп хабарлаған болатын.

"Сценарийдің пессимистік дамуына сәйкес, аурудың ықтимал шыңы наурыздың аяғында - сәуірдің басында болады. Бірақ қазіргі жағдайға сүйене отырып, біз тағайындалған осы шыңды айналып өтеміз деп ойлауға болады", - деді Қиясов.

"Қазақстандағы жағдай әлі де оптимистік сценарий бойынша дамып келеді", - деп атап өтті ол.

Соңғы мәліметтер бойынша республикада коронавирустың 214 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

3 наурыздағы жағдай бойынша 19 304 адам COVID-19 емін жалғастыруда (13 303 КВИ + және 6001 КВИ-). 4 340 науқас - стационарда, ал 14 964 науқас - амбулаториялық деңгейде.