Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтамын!" - Сәуле Әбілдаханқызы (ВИДЕО)

"Құдайдан, тым болмаса, енді екі жыл Өмір бер деп сұрап жүрмін... бітіретін бір-екі парызым бар..." - дейді дертінен қорыққан ол.

"Билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтамын!" - Сәуле Әбілдаханқызы (ВИДЕО)
фото: zhasalash.kz

Белгілі журналист, блогер Сәуле Әбілдаханқызы коронавирус инфекциясына шалдығып, бүгін жедел жәрдем көлігімен жаңадан салынған модульды-инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Айтуынша, өкпесінің 20%-ы зақымданған, деп жазды paryz.kz.

"Атың өшкір тәжтажалмен соғысу оңай емес екенін сезгем... Десе де, ПЦР анықтаған күннен бастап барынша негативте болмайын деп, позитивте болуға тырыстым. Алғашқы күндері симптомдары байқалмады. Дегенмен, бір апта алыстым. Психологиялық тұрғыда өте ауыр екен... Кешеден бастап симптомдары білініп жатыр..." - деген ол, Facebook-тегі парақшасында көпшіліктен кеңес сұрады.

Бастапқыда ауруханаға жатуға біраз жүрексінген. Емдеушілерге деген күдік-күмәні көп екен. Ал жатпайын десе, індет симптомдары біліне бастаған.

"Құдайдан, тым болмаса, енді екі жыл Өмір бер деп сұрап жүрмін... бітіретін бір-екі парызым бар... Осы аурудан не олай, не бұлай болайын деп тұрмын... егер билік менің олай-бұлай болып кетуіме ықпал етпесе, керісінше, дұрыс емдеп шығарса, онда өмір бойы билік пен медицинамыздың тек жақсы жағын айтатын боламын... Мені дұрыс түсінерсіздер, достар... Өйткені...

Өмір деген - бір жұтым ауа екен...

Өмір деген - бір түйір жарық сәуле екен..." - деп ағынан жарылды әріптесіміз.