Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Австрияда Pfizer вакцинациясынан кейін 41 адам көз жұмған

19 адамда өлімге әкелетін ауыр аурулар болды...

Австрияда Pfizer вакцинациясынан кейін 41 адам көз жұмған
фото: дереккөз

Австрияда Pfizer және BioNTech компанияларының Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинасынан кейін 41 адам қайтыс болды. Бұл туралы РБК Австрияның Денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік жөніндегі федералдық ведомствосына сілтеме жасап жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Денсаулық сақтау саласындағы Федералды қауіпсіздік басқармасы COVID-19 вакцинасын алғаннан кейін көп ұзамай 41 өлім туралы хабарлама алды. Әзірге вакцинамен байланыс туралы фактілер жоқ, нақтылау жалғасуда", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, 3 науқаста сараптамадан кейін өлім нәтижесінің вакцинациямен байланысы табылмады. Тағы 11 адам коронавирус ауруының инкубациялық кезеңінде вакцина алып, қайтыс болды. 19 адамда өлімге әкелетін ауыр аурулар болды. Қалған 8 науқастың өлімінің мән-жайы әлі анықталмаған.