Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тұмау маусымына дайындық: 2 млн 200 мың вакцина сатып алынды

Қазақстан тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындық мақсатында 2 млн 200 мың вакцина сатып алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тұмау маусымына дайындық: 2 млн 200 мың вакцина сатып алынды
Фото: sputnikvaccine.com

Министрлік республикада тұмау бойынша эпидахуал қалыпты деп отыр.

"Биыл тұмауға қарсы ресейлік "Гриппол" вакцинасының 2,2 млн дозасы сатып алынды. 1 қыркүйекке дейін барлық медициналық ұйым вакцинацияға дайын болуы тиіс", - деді Тимур Сұлтанғазиев тілшілердің сауалына берген жауабында.

ДСМ бірінші вице-министрінің сөзінше, медициналық қызметкерлер, балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар ересек адамдар, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратындар екпені тегін алады. Азаматтардың қалған санаты екпені ақылы түрде алуына болады. Тимур Сұлтанғазиев жекеменшік емханалар мен дәріхана желілері тұмауға қарсы вакцинаны сатып алатынын жеткізді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, жыл сайын елімізде халықтың 12 пайыздан астамы тұмауға қарсы екпе алады.