Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Дәрігерлер жетпейтін дәрілердің орнын толтыру үшін жалған диагноз қойып келген

Міндетті медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміндегі шикіліктерді анықтады. 

Дәрігерлер жетпейтін дәрілердің орнын толтыру үшін жалған диагноз қойып келген
фото: дереккөз

Дәрігерлер не себепті қазақстандықтарға жалған ауыр диагноз қойып, неліктен қызмет көрсетілмегенін және науқастарға берілген дәрілердің қайда кеткенін түсіндірді, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Міндетті медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміндегі шикіліктерді анықтады. 

Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің отырысында қордың басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Негізгі заң бұзушылық көрсетілетін медициналық көмек түрін қажетті көмектен 60 пайызға артық жазғанынан анықталды. Осыдан кейін құжаттар мен клиникалық хаттамалардан сәйкессіздік пайда болған. 

Нәтижесінде, медициналық ұйымдарға ережелерді бұзғаны үшін 9 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.