Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Карантин: Түркістан облысында "Бата көкпар" ұйымдастырылған

Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Карантин: Түркістан облысында "Бата көкпар" ұйымдастырылған
фото: дереккөз

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғын «Бата көкпар» өткізгені үшін жауапқа тартылды. Ол карантин талаптарына қарамастан, Көктерек ауылы маңында 70-ке жуық адамға ұлттық ойын ұйымдастырған, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карантин талаптарын сақтамаған тұғынды арнайы құрылған мобильді топ анықтаған. Жасөспірімдерді жинап, "Бата көкпар" жасаған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Ал көкпарға жиналған тұрғындарға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, таратылған.