Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қазақстаннан 70 млн теңгенің дәрі-дәрмегі заңсыз шығарылмақ болған

Дәрі-дәрмектің 86-дан астам түрі анықталған жүктің тасымалдауға рұқсат құжаты болмай шыққан...

Қазақстаннан 70 млн теңгенің дәрі-дәрмегі заңсыз шығарылмақ болған
фото: ашық дереккөз

Кеше ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде ірі көлемдегі дәрі-дәрмек партиясын Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз алып өтпек болғандарды анықтаған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Дәрі-дәрмектің 86-дан астам түрі анықталған жүктің тасымалдауға рұқсат құжаты болмай шыққан. Контрабандалық тауардың бағасы 50 млн теңгеден асады.

Ал бүгін дәл сол бекетте дәрі-дәрмектің ірі партиясын заңсыз өткізудің тағы бір фактісі анықталған. Бұл жолы препараттардың құны 20 млн теңгеден асады.

Екі жағдайда да материалдар жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне берілген.