Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елімізде емделу құны да қымбаттады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жан басына шаққандағы кешенді тариф бойынша тарифтің өсуі - 15,5%.

Елімізде емделу құны да қымбаттады
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда амбулаториялық емханалық қызметтердің тарифтік бағасы қымбаттады. Былтырмен салыстырғанда, емдеу мекемесіндегі қызмет құны 6,3 пайызға өскен. Қызмет бағасы былтыр желтоқсаннан қымбаттай бастаған, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Energyprom.kz-тің мәліметінше, бір жылда амбулаториядағы дәрігерлердің қызмет ақысы 4,9%-ға, дәрігерден кеңес алу құны - 7,3%-ға, екінші қайтара қабылдауға жазылу 4,9%-ға өскен. Стоматологиялық қызметтер 7,4%-ға қымбаттаған. Медициналық зертханалық қызметтердің де бағасы 3,2%-ға артып отыр.

Өңірлерде дәрігерден кеңес алудың орташа бағасы 3,5 мың теңгеге дейін өскен. Ең қымбат қызмет бағасы Атырауда, ең арзаны Түркістан облысында екен.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазір зертханалық диагностика қызметіне жүгінетіндердің көптігін мәлімдеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жан басына шаққандағы кешенді тариф бойынша тарифтің өсуі - 15,5%. Ал амбулаториялық-емханалық деңгейдегі консультациялық-диагностикалық көмектің құны орта есеппен 15%-ға өсті.

Емханалар арқылы көрсетілген барлық консультациялық-диагностикалық қызметтің негізгі бөлігі медициналық сақтандыру есебінен төленген.