Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде жылына 600 бала обырға шалдығады

"Ата-аналарға айтарымыз, бір жасқа дейін денсаулығын жіті бақылап, уақтылы медициналық тексеруден өткізіп тұруы қажет", - дейді бас онколог.

Елімізде жылына 600 бала обырға шалдығады
фото: Игорь Руссак/РИА Новости

Алматыда онкологтар кішкентай науқастарына мереке сыйлады. Обырдан қорықпай, онымен күресіп жүрген балалар тосын сыйға мәз болды, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әуен мен балалар күлкісіне толған орынды аурухана деп айтуға ауыз бармайды. Жиһазы мен қабырғасындағы суреттерге қарап, тура балабақша дерсіз. Бірақ мұнда жылда 200-дей бала обырдан емделеді. Химия және сәулелі терапиядан өтеді. Алайда кішкентай күрескерлер өздерін науқас сезінбеуі үшін дәрігерлер осылай қабырғаға дейін безендіріп қойған. Ал бүгін балалардың қатерлі ісік ауруымен күрес күніне арнап үлкен мереке ұйымдастырып берді.

Елімізде жылда 600 бала обырға шалдығады. Көбіне ми, қан ісігі дейді дәрігерлер. Өмірге құштар балақайлар көп жағдайда қауіпті дертті жеңіп, құлан-таза айығып шығып жатыр екен.

"Ісік секілді дертті жазып шығаруға бізде барлық жағдай жасалған. Емделіп кетіп жатқан жайттар өте көп. Сондықтан ең бастысы – сену керек, қаймықпау керек. Ата-аналарға айтарымыз, бір жасқа дейін денсаулығын жіті бақылап, уақтылы медициналық тексеруден өткізіп тұруы қажет", - дейді ҚР ДСМ Бас онкологы Диляра Қайдарова.