Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Екпе салдырғаннан кейін...": түркістандық 17 жастағы сарбаз қайтыс болды

Медициналық тексеру кезінде жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған...

"Екпе салдырғаннан кейін...": түркістандық 17 жастағы сарбаз қайтыс болды
фото: дереккөз

Түркістан облысынан Қарағанды өңіріне әскери борышын өтеуге барған сарбаз көз жұмды. Небәрі 17 жаста қыршын кеткен Рамазан Жақыптың ата-анасы ұлдарының өліміне сене алар емес. Айтуларынша, марқұмның жағдайы екпе салғаннан кейін күрт нашарлап кеткен. Ал Абай ауданындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімі сарбазға ешқандай екпе салдырмағандарын айтады, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.

"Ол кәдімгі ауылда қара жұмыс істеп, мал қарап жүрген дені сау бала ғой. Ешқашан да оның жүрегі ауырған емес. Дені сау бала ғой", - дейді марқұмның анасы Алтынай Құлатаева.

Алтынай Құлатаева осыдан он күн бұрын ұлымен сөйлескенде, ұлы тамағының ісіп кеткенін, онысының екпе салдырғаннан кейін қарауылға бірден шығып кеткені салдарынан болғанын айтқан.

"Қалайсың енді қазір деген едім, жағдайым жақсы деді. Неге жатпадың енді деген едім, жатқызбады деді. Температурамен барған ғой. Бірақ жатқызбады деді. Ойым сол менің, қараусыз қалған да. Температурамен барса, ангинамен барса", - дейді Алтынай Құлатаева.

Ал келесі күні таңғы 8-де Рамазан әлсіреп тұрғанына шағымданған. Дәрігерлер оны Абай қаласының орталық ауруханасына жеткізген. Медициналық тексеру кезінде жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Ал бөлімшедегілер жауынгерге ешқандай екпе салмағандырын айтып, "менингиттен қаза болды" деп отыр.

"Таңғы 8-де басталды. Оның алдында түнде тұрып жатқаны көрініп тұр, камерамен қарағанда. Таңғы 8-де достары келіп айтты, "Рамазанның жағдайы нашарлап жатыр, қараңызшы" деп. Одан кейін бірден біздің дәрігерлер сол ауруханаға апарды. Сағат 08:50-де ауруханада болды. Сағат 11:00 де қайтты деген хабар келді", - деді 6505 әскери бөлімшесі командирінің орынбасары Арман Сейітов.