Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алексей Цой өзіне Sputnik V вакцинасын салдырмайтын болды

Жалпы, күні бүгінге дейін 13 301 медицина қызметкері екпе алған...

Алексей Цой өзіне Sputnik V вакцинасын салдырмайтын болды
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отандық өнімді қолдау туралы шешім қабылдап, қазақстандық QazCovid-In вакцинасын күтіп жүргенін жеткізді, деп хабарлады paryz.kz.

Оның айтуынша, қазір QazCovid-In клиникалық сынақтарының соңғы кезеңі жүріп жатыр.

"Бұл - инактивті вакцина. Клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің барлық кезеңдері біздің ерекше бақылауымызда. Денсаулық сақтау министрі ретінде мен қазақстандық вакцинаны қолданғым келді. Өндіріске шыққан кезде оны алғашқылардың бірі болып ектіремін", - деді Алексей Цой.

Тағы оқи отырыңыз: Қарин, Аймағамбетов, Сапарбаев салдырған екпеге Цойдың күмәні бар ма?

Еске сала кетсек, 1 ақпанда Қазақстан ресейлік Sputnik V вакцинасымен коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау науқанын бастап кеткен еді. Оны Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитарлық дәрігерлер салдырып үлгерді. Жалпы, күні бүгінге дейін 13 301 медицина қызметкері екпе алған.