Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері вакцина салдырудан бас тартқан

Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 2 мыңға жуық медицина маманының коронавирусқа қарсы екпе салдыратыны жоспарлануда...

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлері вакцина салдырудан бас тартқан
фото: aigak.kz

Елордада 5 медицина қызметкері вакцина салдырудан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 2 мыңға жуық медицина маманының коронавирусқа қарсы екпе салдыратыны жоспарлануда. Алайда вакцинациядан бас тартып жатқандар да бар екен.

"1-8 ақпан аралығында бірінші кезеңге кіретін, вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары топқа жататын 916 медицина қызметкерін вакцинациялау жоспарланды. Оның ішінде 719-ы вакцина салдырып үлгерді. 192 адамның денсаулығында екпеге қарсы көрсеткіштер болғандықтан, олар қабылдаған жоқ. Ал қалған 5 адам өз еркімен вакцина салдырудан бас тартты", - деді Тимур Мұратов.

Қазір Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар.