Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Отандық вакцина салдырамын" деген Бекшин ресейлік екпе ектірді

"Мұнда 22 ақпанда келуім керек еді. Көрдіңіздер ме, мен ол уақытты күтіп жүргім келмеді..." - дейді ол.

"Отандық вакцина салдырамын" деген Бекшин ресейлік екпе ектірді
Фото: ашық дереккөз

1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. "Отандық вакцинаның сапасы мен тиімділігіне еш күмән келтірмейтін" Жандарбек Бекшин болса, алғашқылардың бірі болып ресейлік екпені ектірді, деп хабарлады paryz.kz

Жандарбек Бекшин жазда, яғни 7 ай бұрын коронавирус жұқтырып, ем алғанын және қазір антиденелер жоқ екенін айтты. Көрсеткіштерге сәйкес, егер 6 айдан астам уақыт өтсе, ол вакцина салдыруы тиіс.

"Бірінші рет вакцина салдырып тұрған жоқпын. Сапасы дәлелденген. Ресейде 2 миллионнан астам адам осы вакцинаны салдырды. Мұның өзі вакцинаның сапалы екенін көрсетіп тұр. Сондықтан ешқандай қобалжу жоқ. Вакцинаның сапалы, жақсы екеніне толық сенімдімін. Мен тәуекел тобына кірмеймін, алайда қызмет бабы бойынша науқастармен жиі кездесемін. Сол себепті вакцина салдыруым керек", - деді ол.

Екпенің қазақстандық түрін таңдаймын деп мәлімдеме жасап, неге ресейлік екпені ектіргені белгісіз. Журналистердің бұл сұрағына төмендегідей жауап берді. 

"Мұнда 22 ақпанда келуім керек еді. Көрдіңіздер ме, мен ол уақытты күтіп жүргім келмеді. Ал қазір отандық вакцинаны салдыртуға мүмкіндік болғанда, онда соны салдыртар едім", - деді Бекшин.