Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ертең медицина, полиция, әскери қызметкерлерді егу басталады

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың дозасын жеткізбек...

Ертең медицина, полиция, әскери қызметкерлерді егу басталады
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын жеткізгенін хабарлады, деп жазды paryz.kz.

Енді ертең Қазақстанда "Спутник V" екпесімен ерікті түрде салу науқаны басталады. Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың дозасын жеткізбек. Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда. Ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді.

Тағы оқи отырыңыз: Вакцинация ақпанда дәрігерлерге, наурызда мұғалімдерге, сәуірде студенттерге салынады

АҚШ конгрессменіне вакцина салдырса да коронавирус жұққан

"Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т.б. вакцинацияланады. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Оның алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді. Профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді. 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды", - делінген министрлік хабарламасында.