Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Вакцинация ақпанда дәрігерлерге, наурызда мұғалімдерге, сәуірде студенттерге салынады

Егер температура 37°C-тан жоғары болса, вакцина салу кейінге қалдырылады.

Вакцинация ақпанда дәрігерлерге, наурызда мұғалімдерге, сәуірде студенттерге салынады
фото: ашық дереккөз

Дәрігерлер, мұғалімдер және күш құрылымдары қызметкерлерінен бөлек, халықтың қалған контингентіне қашаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцина салатыны белгілі болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

"Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, сондай-ақ басқа да бейіндегі қызметкерлерге ақпаннан бастап екпе салынса, педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері наурыз айында; студенттер сәуірден бастап, мамыр айында вакцина көлемінің жеткілікті болуына қарай халықтың қалған контингенті қамтылады", - деді Марат Шоранов.

Вице-министр вакцинация жүргізер алдында дене температурасын, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау, жұтқыншақты тексеру, эпидемиологиялық анамнезді жинау сынды жұмыстардың жүргізілетінін баяндап, екпенің қандай жағдайда салынбайтынын айтты.

"Егер температура 37°C-тан жоғары болса, вакцина салу кейінге қалдырылады. Әр адам екпе алдында санитарлық қағидаларға сәйкес ерікті түрде жазбаша ақпараттандырылған келісімге немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тарту бойынша қол қояды", - деді вице-министр.

Әсел ОРШЫБЕКОВА