Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Қант диабеті неліктен жасарып кетті?

Қант диабетін қазақ халқы сусамыр деген. Бұл атаудың шығуы тегін емес. Адам ағзасы жабық химиялық орта ғой. Онда май, ақуыз болмаса көмірсутек өзара байланыста. Қант ағзада көбейген кезде, адам суды көп қажет етеді. Жүре пайда болған ІІ типті қант диабеті ағзаны улағанда, тамақтану әдебі бұзылған жағдайда пайда болады.

Сурет: adilet-gazeti.kz

Әр ата-ана баласына тәтті сусынсатып алғанда ойланатын жәйттар өте көп. Әсіресе көп мөлшерде жаппай өндірілетін сусындарды сатып алғанда ойлану керек. Қораптың сыртында қанша жерден табиғи алма шырыны деп жазылса да, жаппай өндірілетін тауар органикалық бола алмайды. Оған алма шырынының синтетикалық субстраты ғана қосылады. Сөйтіп, сатып алған шырыныңыздың иісі де, дәмі де алма сияқты болады...

Міне осыдан соң, біздің ұйқы безіміз күйзеліске түсіп, ағзамызда ауытқу болады... Ал, ауытқуды орнына келтіру үшін тағы да дәрілік препататтармен келтіргенсиміз. Бірақ, ағза қайта қалпына келмейді... Тек, сырқат адам сол дәрілік препаратқа өмірінің соңына дейін тәуелді болады.