Негізі, ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Адамдар күнделікті қарым-қатынастары арқылы бір – бірімен энергия алмастырады. Ал, қуаттың қайнар көзі – тамақта. Ас дегеннің өзі ағзаға қажетті энергетикалық материал.
Егер, ас адамнның бойына сіңбейтін болса, ас қабылдау мөлшері төмендейтін болса, оның денсаулығында ақау бар дегенді білдіреді...
Сәлемдесу дәстүрі арқылы, сырқат адамға сөзбен қуаттандырып, қолдау білдіре отырып, сол адамның денсаулығын білу мәдениеті қалыптасқан.
Аспан әлемі, қоршаған орта арқылы дүниені таныған халқымыздың бұл да бір кеменгерлігі демеске лаж жоқ...