Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Дәрігер окрошканың зияны туралы айтты

Медицина ғылымдарының кандидаты, гастроэнтеролог Марат Зиннатуллин окрошканың зияны туралы ескертті, деп хабарлайды Рaryz.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігер окрошканың зияны туралы айтты
ашық дерек көздерінен

Оның айтуынша осы сорпаның ингредиенттерін құрайтын диеталық талшықтар іштегі шырышты қабықты тітіркендіріп, газдың көбеюіне әкелуі мүмкін. Маман асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдарға окрошкадан бас тартуға кеңес берді.

Окрошкаға қосылатын сусындардың ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін екенін айтты. Ол сонымен қатар асқазан-ішек жолдарында бұзылулары бар адамдардың квастан бас тартуы керек екенін атап өтті.

Дәрігердің айтуынша айранға да сақтықпен қарау керек. Өйткені сусын асқазан сөлінің қышқылдығын арттыруы мүмкін.

"Сондықта созылмалы гастрит, асқазан жарасы және гастроэзофагеальды рефлюкс ауруымен ауыратын науқастарға айран ішерде өте сақ болу керек",- деп қосты ол.

Зиннатуллин сонымен қатар бұл сусын лактаза жеткіліксіздігі бар адамда диареяны тудыруы мүмкін екенін айтты.