Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Дәрігер нәрестенің ата-анасымен бірге ұйықтауынан туындайтын қауіптерді атады

Педиатр Ребекка Карлин баланың ата-анасымен ұйықтауының өлім қаупі туралы ескертті. Жаңа туған нәресте анасымен немесе әкесімен бір төсекте ұйықтаса, кенеттен қайтыс болу қаупі бес-он есе артады, деп хабарлайды Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігер нәрестенің ата-анасымен бірге ұйықтауынан туындайтын қауіптерді атады
ашық дерек көздерінен

Дәрігер көптеген аналардың түнде емізуді жеңілдету үшін баламен ұйықтағанды жөн көретінін атап өтті. Алайда мұндай тәжірибе жаңа туған нәрестенің тұншығуы салдарынан өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Карлин әр тамақтанғаннан кейін баланы өз төсегіне жатқызу керек екенін еске салды.

"Бала ата-анасының бөлмесінде тұрған бөлек төсекте ұйықтауы керек. Бұл бала алты айға толғанға дейін міндетті шарт", – деп түсіндірді педиатр.

Сондай-ақ сарапшы жаңа туған нәрестенің төсегі қатты матрацпен, жастықтарсыз және қажетсіз әшекейлерсіз болуы керек екенін айтты.

"Қолыңызды төсенішке басыңыз, егер із қалса, онда төсеніш жарамайды. Себебі ұйқы кезінде нәресте төңкеріліп, тұншығып қалу мүмкін. Ата-аналар төсекті барынша сәндеуге тырысады. Бірақ бұл қажет емес. Нәрестенің сапалы ұйқысы үшін қажет нәрсе қатты төсеніші бар бөлек төсек", – деп ескертті педиатр.