Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Еліміздегі дәрі-дәрмек қорлары жеткілікті ме?

14 наурыз күні үкімет үйінде премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz, Halyk-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздегі дәрі-дәрмек қорлары жеткілікті ме?
Сурет: ашық дереккөз

Отырыста дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, - деді А.Ғиният.

Қалған 9 өңір бойынша ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған.

Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше бақылауда екенін хабарлады.