Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ералы Тоғжанов QazVac туралы: «Қолда бардың қадірі жоқ»

Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов 43 мемлекет отандық вакцинамызды алуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ералы Тоғжанов QazVac туралы: «Қолда бардың қадірі жоқ»
Суреттің дереккөзі: https://12-kanal.ru/

«Қазақстандық ғалымдардың табысы – Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі. Бүгінгі күні алға жылжу бар. BSL-3, BSL-4 құрылысы жүргізіліп жатыр», - деп айтты ол.

Тоғжанов атап өткендей, бұл жұмысты атқаруда Білім және ғылым министрлігінің рөлі өте зор.

«Елдің атын шығарған жоба екенін барлығымыз жақсы білеміз. Қазақстан 6 мемлекеттің ішінен 5-ші болып өзінің вакцинасын шығарды. Бұл – үлкен жетістік. Сол себепті ғалымдарға рахметімізді айтамыз. Ары қарай да жұмыс көп. Олардың алдына қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын. Кездесулерде «Pfizer қайда?» деп сұрақты жаудырады. Өзіміздің вакцинаның сапасы жағынан кем емес – тиімділігі 86-тен 92%-ға тең. Қазақта «қолда бардың қадірі жоқ» деген мақал бар. Көбісі басқа елдің вакцинасы керек деп айтады. Ал өзіміздің вакцина туралы біреуі де сөз қозғамайды. Өзімізді өзіміз айтпағанда, кім айтады?!»,– дейді Ералы Тоғжанов.