Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Маскамызды қашан шешеміз? – Есмағамбетова жауап берді

2021 жылдың сәуірінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қазақстандықтардың 60%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қажет екенін айтты.

Маскамызды қашан шешеміз? – Есмағамбетова жауап берді
фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова медициналық масканы шешу талабы қашан алынатынын айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Есмағамбетовға Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы бар қазақстандықтарға сауда орталықтарына медицианалық бетпердесіз бара ала ма деген сұрақ қойылды. 

Жоқ, міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Бұған дейін де вакцина салдырғандардың ауырып қалуы мүмкін екені айтылды. Соған сәйкес бетпердесіз бару қауіпті болуы мүмкін. Алайда вакцина салдырған азаматтарда ауру жеңіл түрде өтеді. Инфекция жұқтыру қаупі де төмен болады, алайда мүлде жұқпайды деуге келмейді, - деді Есмағамбетова Үкімет отырысынан кейін.

Ол сондай-ақ Қазақстанда медициналық бетпердені міндетті түрде тағу туралы талапты қашан алып тастайды деген сұраққа жауап берді.

Дәл қазір нақты күнін ешкім айта алмайды, бұл көп факторлы әрекеттен кейін қабылданатын шешім. Вирус әрі қарай мутацияланып жатыр. Біз қаншалықты баяу вакцина салдырсақ, вирус соғұрлым көбейіп, мутацияланады. Ал мутациялану процесін қазір болжау мүмкін емес, - деді комитет басшысы.

2021 жылдың сәуірінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қазақстандықтардың 60%-ы коронавирусқа қарсы вакцина салдыру қажет екенін айтты. Сонда ғана бетперде тағу мәселесі қаралатынын жеткізген.