Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 940 612 адамнан анықталды.

Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды деп хабарлайды Paryz.kz.

1 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 46 492 адам коронавирус инфекциясынан (–40 793 + және 5 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 590 адамның жағдайы ауыр,

- 149 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1395 адамда коронавирус ПТР-талдау арқылы расталды.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 151,

Алматы қаласы - 206,

Шымкент қаласы - 9,

Ақмола облысы - 120,

Ақтөбе облысы - 37,

Алматы облысы - 86,

Атырау облысы - 20,

Шығыс Қазақстан облысы - 95,

Жамбыл облысы - 7,

Батыс Қазақстан облысы - 29,

Қарағанды облысы - 138,

Қостанай облысы - 115,

Қызылорда облысы - 26,

Маңғыстау облысы - 2,

Павлодар облысы - 198,

Солтүстік Қазақстан облысы - 143,

Түркістан облысы - 13.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 940 612 адамнан анықталды.