Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Боксшыларды марапаттау рәсімінде "Жабайы Арман" неғып жүр?

Жарыс ережесі бойынша, спортшыларды осы салада табысқа жеткен және спорт саласында басшылық жасайтын тұлғалар марапаттауы тиіс...

Боксшыларды марапаттау рәсімінде "Жабайы Арман" неғып жүр?
фото: дереккөз

Бокстан Түркияда өткен халықаралық турнирде спортшыларды марапаттау рәсіміне әлеуметтік желіде "Жабайы Арман" (Дикий Арман) лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев қатысты, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Ол 69 келіде турнир жеңімпазы атанған Дархан Дүйсебай мен осы салмақтағы өзге де жүлдегерлерді марапаттады. Сонымен қатар, марапаттау рәсімінің соңында спортшылармен естелік суретке түскен ол, саусақтарын тарбитып, өзіне тән ишарасын көрсетуді де ұмытпаған. Осындай "хайптары" үшін желі белсенділерінің Жұмагелдиевті "қылмыс әлемінің серкесі емес, жай ғана инста-блогер" деп атап жүргені белгілі.

Сонымен әлеуметтік желілерде "қылмыс әлемінің серкесі" атанып жүрген "Жабайы Арманның" боксшыларды марапаттау рәсіміне қандай себеппен шақырту алғаны белгісіз. Ал негізінен, жарыс ережесі бойынша, спортшыларды осы салада табысқа жеткен және спорт саласында басшылық жасайтын тұлғалар марапаттауы тиіс.

Айта кетсек, марапаттау рәсіміндегі суреттер Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми аккаунтына жарияланып, кейін оны өшіріп тастады.

Осы орайда Қазақстан бокс федерациясын Иманғали Тасмағамбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев басқаратынын айта кеткен жөн...