Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Тоқтар Әубәкіров мемлекеттік қорықтан қасқыр атпақ болған

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулағаны үшін ең жоғарғы жаза - мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады.

Тоқтар Әубәкіров мемлекеттік қорықтан қасқыр атпақ болған
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде белгілі ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің Қостанай облысындағы "Алтын Дала" резерватының аумағынан қасқырды заңсыз ауламақ болғаны туралы жазба тарады, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл ақпаратқа қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева түсініктеме берді.

"Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлағандай, биыл Тоқтар Әубәкіров "саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін (қасқыр) алу" қызметін алуға 3 рет өтінім берген. Барлық өтінімдерден дәлелді түрде бас тартылды", - деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, браконьерлік фактілері туралы хабарланғаннан кейін резерватта мобильді топ құрылып, рейдтік іс-шаралар өткізіледі.

"Қазіргі уақытта бөтен адамдар байқалмаған. Бірақ резерват аумағынан кіру және шығу іздері табылды. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда", - дейді Самал Ибраева.

Айта кетейік, "Алтын дала" резерваты - ерекше қорғалатын табиғи аумақ және бұл жерде аң аулауға заңмен тыйым салынған. Сондықтан мұндай аумақтардағы аң аулау әрекеттерінің кез келген көрінісі браконьерлік іс болып саналады.

Еске сала кетсек, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аң аулағаны үшін ең жоғарғы жаза - мүлкін тәркілей отырып, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады.